432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

  • 113
2020 жылы 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 9,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі  (59,1%) Қытайдан, 25,6% Өзбекстаннан, 8,8% Түрікменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 3% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (54,6%) және Маңғыстау (12,7%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,1%) қоныстанды.

«Келушілердің ішінде 60%-тен астамы еңбекке жарамды жаста, ал шамамен 5%-і – зейнеткерлер. Оралман мәртебесін алғандар Қазақстан азаматтарымен қатар Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында және Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.

 

Хабар 24 телеарнасы