429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ЕЭА басшылығы зауыттардан кәріз суы үшін ақша алып отырған

  • 202
  • UPD: 20:20, 29.09.2020
Шымкентте ЕЭА басшылығы зауыттардан кәріз суы үшін ақша алып отырған

Шымкентте еркін экономикалық аймақ басшылығы зауыттардан кәріз суы үшін заңсыз ақша алып отырған. 15 кәсіпорын 5 жыл бойы ірі көлемде ақша төлеген.

Алайда бұл монополияға қарсы ведмоствомен бекітілмеген. Осы уақыт аралығында еркін экономикалық аймақ 160 млн теңге қаржы жинап алған. Монополияға қарсы органдар мұны тек сумен жабдықтау тарифін бекіту туралы өтінішті қараған кезде ғана білген. Осыдан кейін барлық кәсіпорындардың құжаттарын зерттеп, олардың кәріз суының ақысын бекітілмеген тариф бойынша төлегендерін анықтады. Бүгінге дейін еркін экономикалық аймақ басшылары 16 млн теңге айыппұл төлеген. Сот шешімі бойынша 5 жылдың ішінде алынған барлық қаржы зауыттарға қайтарылатын болды.

Дархан Қайынбердиев, қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Олар келіспей, сотқа барды. Сотта мәселе қаралып, департаменттің уәжі дұрыс деп шешім шығарды. Одан бөлек апелляциялық шешім де қаралды. Біздікін қолдады. Қазіргі таңда айыппұл бюджетке толық төленді. Енді қазір 159 млн бойынша соттың шешімімен нұсқама шығарылып күшіне енді. Олар қайтару керек. Біз бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы