428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңақорғандағы қырылған малға өтемақы төленбейді

  • 192
  • UPD: 21:58, 01.10.2020

Жаңақорғандағы жылқы малы арасында таралған паразитарлық ауруға қарсы екпе жұмысы мал иесінің өз қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ өлген малдарға өтемақы да төленбейді. Өйткені аталған індет қауіпті жұқпалы ауруларға жатпайды. Бұл облыстың бас ветеринар дәрігерінің сөзі. Мамандар жүздеген бас жылқының өлгені туралы мәлімет те шындыққа жанаспайтынын айтады. Қазір 94 жылқы осы ауруға шалдығып, оның 29-ы өлген. Қалғанын емдеп, жазған. Алайда Жаңақорған ауданының Байкенже ауылының тұрғыны Ербол Өскенбаев қырылған мал басы әлдеқайда көп екенін айтады.

Ербол Өскенбаев, Байкенже ауылының тұрғыны:

– Бір ауылдың өзінде 200-дің үстінде жылқы қырылды. Менің өзімнен 45 бас, біреуден 30, біреуден 20. Малдарыңыз сырғасымен, паспортымен ИСЖ-да тіркеліп тұру керек, алып келіңіздер, ветдәрігердің АКТ-сын алып келіңіздер, қараймыз деп жатыр. Бірақ төлейміз, қоямыз деп ештеңе айтқан жоқ.

Ерсұлтан Әпетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Жылқы малдары арасында паразитарлық ауру болып есептеледі. Жалпақ тілмен айтсақ құрттар, ішек құрт. Сол құрттар миға барған кезде кеңсірікке, көмейге, миға түседі де, жылқы малының ойлау қабілеті бұзылады. Азық жеуге, су ішуге тәбеті болмайды. Содан азып-тозып, көтерем болып, өлімге ұшырайды.

Хабар 24 телеарнасы