425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда Ресеймен арадағы шекараға карантин стационарлары құрылды

  • 138
  • UPD: 23:09, 20.10.2020

Павлодар облысында коронавирустың ықтимал келесі толқынына әзірлік шаралары жүріп жатыр.

Жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында көрші Ресеймен шектес жатқан аудандарда карантиндік стационарлар құрылды. Оған ПТР анықтамалары жоқ жолаушылар аялдайды. Бүгінгі күні карантиндік орталықтар мемлекеттік шекараға жақын жатқан жеті ауылда ашылды. Жалпы саны 235 төсек–орын дайындалып, 800 адам қабылдаудан өткен.  Олардың арасында 22 адамнан коронавирус анықталған. 

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының  м.а.:

- Стационарға жаңағы автобекеттерден мемлекеттік шекарадан келіп жатқан адамдар жатқызылады. Ең бірінші кезекте ҚР азаматтары жатқызылады. ПТР-зертхана зерттеудің нәтижесі болған жағдайда бұл стационарға адамдар жатқызылмайды. Бұл жаңағы обсервациялық негізде ПТР нәтижесі болмаған жағдайда жатқызылады. Жалпы мемлекеттік жаңағы ең минималды сипаттамаға сәйкес 50 карантиндік орындық стационар бір дәрігер, екі медбике екі кіші медперсоналмен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы