423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуға жақын

  • 187
  • UPD: 21:59, 28.10.2020

Жоспар бойынша емдеу мекемесі қараша айында ашылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін құрылыс жұмысымен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов танысты. Сапар барысында вице-премьер шекаралас аймақтарда санитарлық талаптардың сақталуы мен алдын алу жұмыстары тежелмеуі тиіс екенін ескертті. Тоғжанов өңірдегі 7000-нан астам дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың дистрибьюторы – «Талап» дәріханасына барды. Көрші елдерде індеттің қайтадан көбейгені байқалады. Сондықтан транзиттік көліктер мен жолаушылар мұқият тексерілуі тиіс дейді вице-премьер. «Сырым» бақылау-өткізу бекетінің жұмысы да тексерілді. Бұған дейін вирустың таралуын тежеу мақсатында транзиттік көліктерді жинақтау аймағы құрылған еді.

Хабар 24 телеарнасы