424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда мұнай өңдеу зауытынан ақау шықты

  • 117
  • UPD: 16:23, 02.11.2020
Атырауда мұнай өңдеу зауытынан ақау шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға нормативтен тыс зиянды қалдық шығарған.

Оны дер кезінде байқаған табиғат жанашырлары дабыл қақты. Биологиялық тазалау қондырғысынан шыққан ақауға байланысты май аралас су қоршаған ортаға жайылды. Оқиға кеше, 1 қараша күні болды. Тазалау қондырғысындағы апатты жағдайға байланысты зауыт мұнай аралас суды арнайы полигонға жіберуге мәжбүр болды. Қазір зауыттағы техникалық ақауды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Ал қоршаған ортаға келтірген залал мен апатты жағдайдың себебін табиғат жанашырлары мен экологтардан құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады.

Арман Хайруллин, «Атамекен-Эко» қоғамдық қорының төрағасы:

– Қазір қара май өзекке ағып жатыр. Бұл – АМӨЗ аумағынан шыққан сарқынды сулар. Ешқандай тазалық жоқ. Осының барлығы «сарық арыққа» ағып жатыр. Оның қоршаған ортаға мыңдаған текше метр зиян тиюде.

Хабар 24 телеарнасы