422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Қалжыр өзеніне қауіп төніп тұрған жоқ

  • 99
ШҚО-дағы Қалжыр өзеніне қауіп төніп тұрған жоқ

Шығыстағы Күршім ауданы аумағында кен қазып, өңдеп жатқан компаниялар табиғат пен сол маңдағы өзендерді ластап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған дәлел ретінде жергілікті тұрғындар Қалжыр өзенінің бойында қазылып, кенді шаятын лас суға толы тоғанды түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бір минуттық видеоның авторы сол жерде жұмыс істеп жатқан компанияның атын атап, өзен жағасында тұрған техникаларды көрсетеді. Облыстық Экология департаменті инспекторлары мен табиғат қорғау полициясы аталған компанияның кенді қалай өндіріп, өңдейтінін толық тексереді. Қалжыр өзені мен сол аумақты бірнеше күн шолып шығады. Нәтижесінде экологиялық ереженің бұзылмағына көз жеткізген. Қалжыр және Бала Қалжыр өзендерінен алынған сынаманы қазір Өскемендегі орталық зертханада тексеріп жатыр.

Қаныбек Нұрғалиев, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:

– Мыс өндіретін компания ол кенді қазып алады. Өздерінің байыту фабрикаларына сумен шайып байытады. Сол пайдаланылған суды өздерінің су қоймасы қалдықтар қоймасына қайтадан құяды да, оны тазартып, қайтадан пайдаланады. Оның ешқандай өзенге ағып жатқаны байқалмайды.

Хабар 24 телеарнасы