423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысындағы 300 орындық мектеп құрылысы кешеуілдеп жатыр

  • 144
  • UPD: 13:49, 06.11.2020
Қызылорда облысындағы 300 орындық мектеп құрылысы кешеуілдеп жатыр

Қызылорда облысында Президент тапсырмасымен салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысы межелі мерзімінен бір айдай кеш аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа мектеп қараша айының соңына дейін салынып бітіуі тиіс болған. Алайда мердігер мекеме жаңа жыл қарсаңында қолданысқа беру үшін қарбаласып жатыр. Мамандар құрылыстың кестеден кешігуіне пандемия салдары себеп болды дейді. Сексеуіл кентіндегі жаңа білім ордасының іргетасы мамыр айында қалануы керек еді. Алайда төтенше жағдай кезінде зауыттардан құрылыс метериалдары кеш жеткізілген. Оның үстіне мердігер мекеме кірпіш қалаушылар таппай тағы сенделіпті. Мұны шетелдік жалдамалы жұмыс күшінің күрт азаюымен байланыстырады. 

Абай Байғазиев, құрылыс учаскесінің бастығы:

– Бірінші кірпіш қаланып бітпесе, сылақ басталмайды. Сондықтан олар жетіспеді. Құрылыстың 70-75 проценті бітті.

Хабар 24 телеарнасы