423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысына он екі тосқауыл бекеті қойылды

  • 87
  • UPD: 12:09, 13.11.2020

Ертіс өңіріне дүйсенбіден бері 12 тосқауыл бекеті қойылды. Бұл қауіпті вирустың дендеп кетпеуі үшін жасалған шара екені белгілі. Десе де, облыс орталығында жұмыс істейтін азаматтар кедергісіз кіріп шығып жатыр. Азық-түлік тасымалдаушыларына да еш кедергі жоқ. Өңірде жағдай тұрақты ма? Қазіргі ахуал қандай?

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Біз дәл қазір Павлодардан 10 шақырымдық жерде орналасқан блок-бекетте тұрмыз. Бұл өңірдегі ең ірі өткізу пункттерінің бірі. 

- Біз қазір Ленин кентінің маңындамыз. Бүгін аймақта дауылды ескерту жарияланғаны белгілі. Дегенмен, жауапты мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыстарын орындап жатыр. Бақылау пункттерінде мамандар тобы азаматтардың дене температурасын өлшеп, құжаттарын тексереді. Бір бекетте ішкі істер және медицина салаларының 12 маманы 12 сағаттық кезек бойынша қызмет атқарады. Бүгінде сала мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.

Айта кетейік, олардың жұмысын жеңілдету және тексеру үрдісін оңтайландыру мақсатында алдағы бірнеше күнде көлік нөпірі көп бекеттерде тепловизорлар орнатылады. Нәтижесінде көлік пен жолаушылар легін тез тексеруге мүмкіндік туады. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Аймақтағы блокбекеттердің жұмысы туралы тәртіп сақшыларынан білмекпіз. Қазір менің жанымда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров тұр. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Ақпаратыңызға алғыс білдіреміз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Айта кетерлігі, бірнеше күн бұрын Павлодар облысы «қызыл» аумаққа енді. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өсіп, шектеу шаралары күшейтілді. 

- Жағдай тұрақты деп айта алмаймын. Карантиндік шектеу шаралары өзгеріп тұрады. Сәйкесінше тұрғындар тарапынан көптеген сұрақ туындауда. Осы мақсатта облыста бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Індет басталғалы бері 90 мыңнан аса сауал түскен. Ал қазіргі уақытта күніне екі мыңдай өтініш түседі. Мамандардың айтуынша, сұрақтардың басым бөлігі осы блок-бекеттердегі ережелерге қатысты. Шағын және орта бизнес нысандарының жұмысы мен қоғамдық көліктердің қозғалысына да қатысты өтініштер өте көп. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал туралы шынайы ақпарат беруге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы