419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус анасы арқылы іштегі балаға беріле ме

  • 100
  • UPD: 17:30, 27.11.2020
Коронавирус анасы арқылы іштегі балаға беріле ме

Қазіргі уақытта 247 жүкті әйел стационарларда коронавирустан емделіп жатыр.

Дегенмен вирустың іштегі балаға берілу жағдайлары Қазақстанда тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Бірақ туғаннан кейін анасымен байланыс жасаған бір апта ішінде 124 жаңа туған сәби коронавируспен ауырды. Оларда ауру симтомсыз түрде өтеді. Тек талдау арқылы ғана жұқтырғанын білдік», - деді.

ДДСҰ зерттеулері бойынша коронавирустың іштегі балаға берілетіні туралы дәлелдер жоқ екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы