420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңірінде су басу қаупі бар аумақтар анықталды

  • 119
  • UPD: 13:54, 01.12.2020
Сыр өңірінде су басу қаупі бар аумақтар анықталды

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің 73 шақырымдық қорғаныс бөгеті нығайтылып жатыр. Су басу қаупі жоғары деп танылған 15 учаскенің 8-і қайта бекітіліп, қалған жетеуінде жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Су жырып кетуі ықтимал елді мекеннің 156 мыңға жуық тұрғынын көшіруге арналған 84 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайындалды. Төтенше жағдайдың алдын алуға жауапты 126 мекеменің 411 арнайы техникасы өзен бойын кезекпен торуылдайтын болады. Су тасқынын болдырмау және зардаптарын жою шараларына мыңнан астам адам жұмылдырылады. Қазірде дарияның теңізге құяр сағасында мұз қату процесі жүріп жатыр.   

Бағдат Әлиев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Абай елді мекені Қазалы ауданындағы жағалауды таспен қалап жатыр. Жосалыда 2 нысан бар 300 метрдей таспен қалау әрі қарай 1,7 шақырым нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Одан бері қарай Тереңөзекте 1,7 шақырым құммен төсеп, бөгетті қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласында топтық су құбыры қасында 300 метр таспен қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңақорған ауданында 7-нысан аяқталуда.

Хабар 24 телеарнасы