419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маман кеңесі: Мереке күндері санитарлық талаптарды сақтау маңызды

  • 138
  • UPD: 14:04, 15.12.2020
Маман кеңесі: Мереке күндері санитарлық талаптарды сақтау маңызды

Еліміздің бас шаһары қызыл аймаққа енгендіктен, алдағы демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қала сыртына шығам деушілер үшін жол ашық. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды. Жасыл аймақтағы компьютерлік клубтардың жұмысы жандануы мүмкін. Дегенмен алдымен еліміздің бас санитарлық дәрігерінің ресми қаулысын күту керек деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Роза Қожапова. Сонымен бірге, министрлік өкілі демалыс күндері санитарлық талаптарды сақтауға үндеді. Атап айтқанда, адам қарасы қалың жерге бармау, ұжымдық шараға қатыспау, салқын тиюдің алдын алу және құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын қолдануға кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы