418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар басты шыршаның түрлі түске боялғанына куә болды

  • 120
  • UPD: 22:16, 22.12.2020
Елордалықтар басты шыршаның түрлі түске боялғанына куә болды

Бүгін елордада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды.

Биыл пандемияға байланысты Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен дәстүрлі мереке ұйымдастырылмады. Дегенмен ЕХРО қалашығының маңында серуендеп жүрген тұрғындар шыршаның түрлі түске боялғанына куә болды. Түрлі арт-инсталяциялар да жағылып, халықты мерекелік көңіл күйге бөледі. Жалпы жаңа жыл қарсаңында шыршаны салтанатты жағу рәсімі 2017 жылдан бері ЕХРО қалашығының маңында ұйымдастыру дәстүрге айналған еді. Бұл жолы елорда әкімшілігі «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобын ұйымдастырды.

Хабар 24 телеарнасы