Қазақстан мен Украина арасында әуе қатынасы жанданды

Киев-Нұр-Сұлтан бағытында ұшақтар қатынай бастады. Бұл жөнінде Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлім етті. Екі ел арасындағы рейстер төртінші қаңтарда тоқтап қалған еді. Тек кеше ғана бір ұшақ Киевтен елордаға ұшып келді.

Елшіліктің мәлімдеуінше, борт лық толы. Атап айтқанда, Киевтен 120 жолаушы елге оралған.

Жанар, Қазақстан азаматы:

- Бейсенбі күні рейс тоқтап қалды. Елге қайта алмай қалдым. Екі ел арасындағы қатынас бүгін ғана қалпына келді. Үйіме, отбасыма оралатын болдым. Өте қуаныштымын.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні