Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған «Отбасы – бақыт мекені» үш жылдық жобасы шеңберінде кешенді іс-шаралар, оқыту семинарлары, тренингтер және т.б. өткізу арқылы отбасылық құндылықтарды түсіндіру жолымен неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.⠀ Жоба барысында мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады: Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар, онлайн-тренингтер; • Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған онлайн-тренингтер; • «Үздік жас отбасы» байқауы; • Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым – мақтанышым» бейнероликтер байқауы; • ЖОО және колледж студенттеріне арналған факультативтік сабақтар; • Жас отбасылар арасында әлеуметтік желілерде «Отбасылық демалыс» тақырыбында байқау; • Отбасылық спорттық марафон.