389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдың орталығында атыс болды

  • 492
  • UPD: 21:12, 31.07.2017

Петропавлдың қақ ортасында оқ атылды. Жастар арасындағы кикілжіңнен 20 жастағы қала тұрғыны аяғынан айырылды.

Жанжал екі жігіттің арасында туындапты. Алайда не үшін екені әзірге белгісіз. Дауды шешу үшін олар таныстарын шақырған. Бүгінде бұзақылық жасаған күдіктінің барлығы ұсталып, олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал жәбірленуші қазір ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Сән Жұмағазина, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері:

- Тергеу нәтижесі бойынша заңмен белгіленген тәртіпте процестік шешім қабылданатын болады. Жалпы қылмыстық істің тергелу барысы облыстық ішкі істер департаменті мен облыс прокуратурасының жіті назарында, бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы