384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адвокаттар экс-министрдің ісіне қатысты сотталушылардың суретін БАҚ беттерінде жариялауға тыйым салуды өтінді

  • 449
Адвокаттар экс-министрдің ісіне қатысты сотталушылардың суретін БАҚ беттерінде жариялауға тыйым салуды өтінді

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қаралып жатыр.

Жыл басында қамалған экс-министрге ірі көлемде пара алды деген кінә тағылды. Нақтырақ айтқанда, күдікті сыбайластарымен бірге Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы барысында 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталып отыр.

Ұлттық бюроның мәліметінше, Қ.Бишімбаев бұл ойын «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде іске асырған. Ал заңсыз тапқан ақшаны жеке басының қажетіне жаратқан. Алайда бүгін сезікті кінәсін мойындамайтынын айтты. Бұрынғы министрдің қорғаушылары тергеу ісі кезінде бірнеше процессуалдық заңбұзушылық болғанын мәлімдеп, оларды жою үшін істі прокурорға қайта жолдауды сұрады.

Сондай-ақ адвокаттар сотталушылардың суретін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салуды өтінді. Қ.Бишімбаевтан басқа сот алдында тағы 22 адам жауап береді. 250 томдық істі бұған дейін аты шулы Талғат Ермегияевтің ісі бойынша жұмыс істеген Судья Әділхан Шайхислямов қарап жатыр. Сот отырысы екі сағаттық үзілістен кейін қазір жұмысын қайта жалғастырып кетті.

Хабар 24 телеарнасы