383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда «Триумф» сауда үйі өртенді

  • 482
  • UPD: 15:28, 20.05.2018
Көкшетауда «Триумф» сауда үйі өртенді ҚР ІІМ ТЖК

Көкшетаудағы «Триумф» сауда үйі өртенді. Бұл туралы меншікті тілшіміз Дамир Беркіұлы хабарлады.

Екі этажды ғимараттың 400 шаршы метрі отқа оранған. Мамандардың алдын ала болжамы осындай.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Себебін мамандар анықтап жатыр. Тілсіз жау 1,5 сағат бұрын ауыздықталды. Өрт кезінде 35 адам сыртқа шығарылды. Сауда үйінің қабырғалары бетоннан салынғандықтан жалын ішке өтпеген. Адамдар аман.

Хабар 24 телеарнасы