374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысының аумағына зымыран қалдықтары құлады

  • 329
  • UPD: 17:05, 25.08.2018

Атырау облысының аумағында «Мишень» зымыранының қалдықтары құлады.

Бұл жайында ресми ақпараттан бұрын әлеуметтік желілерде мәлімет тараған болатын. Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті да бұл ақпаратты растап отыр.

Оқиға тамыздың 24-іне қараған түні болған. Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметі бойынша «Мишень» аталатын зымыранның қалдықтары Құрманғазы ауданының аумағына құлаған. Зымыран бөлшегінің ұзындығы 7-8 метрді құрайды. Құрманғазы ауданы Ресей федерациясының Астрахань облысымен шектеседі. Ал зымыран бөлшектері осы Құрманғазы ауданының орталығына 20 шақырым жерге түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары зымыран бөлшегі құлаған аумақта өртенген құрғақ шөптен шыққан өртті өшірген. Зардап шеккендер жоқ. «Радиациялық ахуал қалыпты», – дейді мамандар. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия өкілдері жұмыс істеп жатыр. Бұл аумақты ішкі істер органдарының қызметкерлері күзетке алды.

Осы категория бойынша: « ШҚО-дағы кен орнында оқыс оқиға болды СҚО-да соңғы үш тәулікте 41 жүргізуші мас күйінде ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы