370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде тағы бір адам суға батты

  • 135
  • UPD: 10:47, 29.08.2018
Семейде тағы бір адам суға батты Алау

Семейдің «Нахаловка» шағынауданы маңайында Ертіске екі жігіт шомылуға келген.

Біреуі күмп беріп, ортасына дейін жеткенмен, қайтып жағаға шыға алмаған. Екінші азамат дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, оқиға орнына жеткен суда құтқару қызметі мамандары 31 жастағы жігіттің өлі денесін өзеннің ортасынан 2 метр тереңдіктен алып шықты. Болжам бойынша оның қол аяғы тартылып қалуы мүмкін. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр. Төтеншеліктер шомылу маусымы аяқталар тұста өзенде сақ болуды, арнайы жабдықталмаған орындарда суға түспеуді ескертеді.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Бұдан бұрын Семейде 18 жастағы жігіттің суға батқандығын хабарлаған болатынбыз.

Осы категория бойынша: « Қапшағайда кәріз жүйесін тазалау үшін құдыққа түскен 3 адам қайтыс болды ШҚО-да топырақ астында қалған машинистің қай аумақта болуы мүмкін екендігі анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы