366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында профессорды өлтірген қылмыскер ұсталды

  • 192
Алматы облысында профессорды өлтірген қылмыскер ұсталды vestikavkaza.ru

Алматы облысында профессорды өлтірген қандықол қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына бұл туралы хабарлама 21 тамызда түсті. Жедел-іздестіру шарасы барысында 1980 жылы дүниеге келген жергілікті тұрғын ұсталды. Ол мал ұрлығына қатысты қылмысы әшкереленгендіктен, кісі қанын мойнына жүктеген. Қылмыскер ұрлығының үстінен түскен егде жастағы профессорды қайда көмгенін де көрсетіп берді.

Айгерім Көппаева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

– Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамның жоғалуына қатысты күдікті жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйті қазіргі уақытта табылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы