366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жер үй өртеніп, бір адам қаза тапты

  • 193
  • UPD: 11:31, 26.09.2018
Семейде жер үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Семейде Жамбыл көшесіндегі жер үйлердің бірі өртеніп кетті.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 3 сағат бойы алпарысты. Өрт сөндіру кезінде ас үйден 1963 жылғы азаматтың күйік шалған мәйіті табылды. Құтқарушылар 27 литрлік газ балонын жарылудан аман алып шықты. Қызыл жалынмен күреске барлығы 3 техника және 12 адам жұмылдырылған. Үйдің төбесі, жиһаздар, есік, терезесі түгелімен жанып, 150 шаршы метр отқа оранған. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы