375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эйр Астана» ұшағы Орал әуежайына шұғыл қонды

  • 302
  • UPD: 07:54, 22.12.2018
«Эйр Астана» ұшағы Орал әуежайына шұғыл қонды inform.kz

21 желтоқсан сағат 22:40-та Франкфурт-Атырау бағытындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлады.

Сағат 23.22-де А321 NEO әуе кемесі Орал қаласының әуежайына қонды, деп хабарлады Қазақпарат ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық аваиция комитеті Фейсбук желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 64 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болды. Қазіргі уақытта әуе компаниясы Орал қаласының қонақүйлеріне жолаушыларды орналастыру мәселесін шешуде. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы