389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

  • 380
  • UPD: 15:23, 27.05.2019
Қостанай облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті Экспресс К

Қатты жел Қостанай обылысы Қарабалық аудандық білім беру бөлімі ғимаратының шатырын ұшып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жойқын желдің әсерінен Қарабалық аудандық білім бөлімі мекемесі мен М.Горький атындағы №1 орта мектеп ғимаратының шатырын жұлынып қалды. Барлығы 200 шаршы метр аумақ бүлінген»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Табиғи апат білім беру мекемесінің жұмысына кері әсерін тигізген жоқ. Зардап шеккендер тіркелмеген.

Хабар 24 телеарнасы