386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК арнайы операциясы: Алматы мен Павлодарда қылмыстық топ мүшелері ұсталды

  • 188
  • UPD: 16:47, 07.08.2019
ҰҚК арнайы операциясы: Алматы мен Павлодарда қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқдәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4-қызметінің 5-департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқдәрі алынды.

Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы