388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Лексус» соққан кезде көлік ішінде отырған әйел ауыр халде жатыр

  • 174
  • UPD: 17:44, 21.10.2019

Қарағандыда спирттік ішімдікке тойып алған жүргізуші аулада тұрған 5 автокөлікті соғып, тас-талқанын шығарған.

Апаттан кейін ол оқиға орнында мас күйінде ұйықтап қалды. 49 жастағы тәртіп бұзушы көлігінен шығудан бас тартып, полицейлерге қарсылық көрсеткен. Жеңіл көліктердің біріндегі ер адам мен әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ер адам дәрігерлер тексеруінен кейін амбулаторлық ем қабылдауға жіберілсе, 29 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Татьяна Москвина, куәгер:

- Бұл жерге көлік қоюға болады. Тұрғындар аулада сөйлесіп отырған, ол көлігімен келіп, тұрған машиналарды соқты. Көліктердің ішіндегі адамдарды алып шығу үшін темірді кесуге тура келді.

Талғат Жүкен, Х.Мақажанов атындағы клиника директорының орынбасары:

- Диагностикалық операция жасалды, гипс барлығы салынды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы