387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлерді ұстау кезінде инспектор қайтыс болды

  • 359
  • UPD: 21:06, 28.10.2019
Браконьерлерді ұстау кезінде инспектор қайтыс болды drive2.ru

«Охотзоопром» инспекторы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының аумағында браконьерлерді қуу кезінде жазатайым оқиғадан қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Біздің инспекторлар далада көліктің  прожектор қолданып келе жатқанын байқады. Түн уақыты болатын. Іздеріне түсе бастадық, олар қаша жөнелді. Арттарынан қуып келе жатқанда біздің көлігіміз аударылып кетті. Нәтижесінде біздің бір  инспектор жарақат алып, көз жұмды», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылық басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков.

Оның айтуынша, браконьерлер инспекторларға оқ атпаған.

«Олар оқиға орнында ұсталды. Бізде екі экипаж болды. Ұсталғандар жергілікті тұрғындар болып шықты. Оларда мылтық және заңсыз атып алынған жануарлар болған», - деді.

Туғанбеков министрлік атынан марқұмның отбасына көңіл айтты. Оның айтуынша, инспектордың отбасына 7,8 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, тергеу аяқталғаннан кейін қайтыс болған адамның отбасы төрт миллион теңгеден астам сомада сақтандыру төлемдерін алады.

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы