384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жол-көлік апатынан зардап шеккен сәби көз жұмды

  • 168
  • UPD: 22:51, 03.12.2019
Павлодар облысында жол-көлік апатынан зардап шеккен сәби көз жұмды

Павлодар облысында жол-көлік апатынан зардап шеккен 1,5 жасар сәби қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комаға түсіп кеткен ол облыс орталығына жеткізілген болатын. Алайда, ақ халаттылар балақайды ажалдан арашалап қала алмағандарын айтады.

Александр Брикунов, травматолог:

- Сәби санавиация желісімен жеткізілді. Алған жарақаттары өте ауыр болды. Бас сүйегі жарылып, миы зақымданған. Біз қолымыздан келген көмекті көрсеттік. Томография жасалды. Бірақ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Хабар 24 телеарнасы