410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сауда үйі өртенді

  • 522
  • UPD: 07:37, 05.01.2020
Оралда сауда үйі өртенді

Оралдағы ірі сауда үйлерінің бірінде өрт шықты.

Жалын тілі 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Болжам бойынша, өрт 0-қабаттағы киім сататын бутикте тұтанған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 32 құтқарушысы мен 10 арнайы техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 22:43 шамасында өрт толықтай сөндірілді. Оқыс оқиғаның себебі мен шығыны көлемі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы