378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден екі адамды аман алып шықты

  • 182
  • UPD: 23:39, 04.02.2020
Қостанай облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден екі адамды аман алып шықты

Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында полицейлер отқа оранған үйден екі адамды аман алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртті полиция старшинасы Сағындық Жәкенов байқап қалған. Осы мезетте көрші пәтерде тұратын подполковник Қуаныш Шәбденов те газдың иісін сезіп, далаға шыққан. Сөйтіп, тәртіп сақшылары ширақ қимылдап, екі адамның өмірін сақтап қалды.

Кенже Қонысбай, ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Полиция старшинасы Сағындық Жәкенов есікті ашып кіріп, есінен танып қалған 57 жастағы әйел мен оның 37 жастағы ұлын құтқарады. Ал Қуаныш Шәбденов жанып жатқан газ баллонын далаға алып шығады. Полицейлердің бұл ерліктері басшылық тарапынан міндетті түрде ескеріледі.

Хабар 24 телеарнасы