loader


Семейде коронавирус жұқтыру күдігімен ОАР азаматы ауруханаға түсті

Семей қаласында жұмыс істейтін Оңтүстік Африка Республикасының азаматы ауруханаға түсті. 49 жастағы шетелдік өз отанынан Дубайға ұшып, одан Нұр-Сұлтан арқылы Семейге табан тіреген.

Өзінің айтуынша, наурыздың он екісі күні ауырған. Дене қызуы көтеріліп, тұмауратқан. Бекітілген іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, науқасты семейлік дәрігерлер бірден инфекциялық стационарға қорғаныш костюмдері арқылы жеткізді. Қазір қажетті ем-дом жасалып жатыр. Аурудың алдын алу мақсатында СOVID-19 вирусына сынама алынған.  Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Берік Тілебалдин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

- Ыстығы көтерілген кешеден бері 38,2 градус болып. Жөтел пайда болғанына, әлсіздік пайда болғанына шағымданған. Ол кісіге жедел респираторлық вирустық инфекция, былайша айтқанда тұмау.  Орта дәрежедегі бронхит деген диагноз қойылып отыр. Оның өзі 60-тан асқан адам, қант диабетімен ауырады, инсулин алып жүреді. Сондықтан қазіргі жағдайы бірқалыпты.

Сондай-ақ...