405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда дәмхана өртенді

  • 103
  • UPD: 13:45, 03.06.2020
Алматыда дәмхана өртенді

Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖД өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама 11:00-де түсті. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған қосқабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмханадан түтін шығып жатқан. «Адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Кафе тағам жеткізу түрінде жұмыс істейді. Оқиға орнында 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды. Нысан электр қуатынан ажыратылды. Өрт ошағы анықталды, таралу қаупі жоқ», – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы