422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Cұлтанда мас жүргізуші үш адамды қағып кетті

  • 338
  • UPD: 09:34, 23.06.2020
Нұр-Cұлтанда мас жүргізуші үш адамды қағып кетті

Елордада жүргізуші бірден үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Кеше кешкі сағат тоғыздар шамасында болған оқыс оқиға салдарынан 2 жасар сәби мен 2001 және 2002 жылы туған жаяу жүргіншілер зардап шекті.   Соңғылары әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сорақысы сол, оқиға көпқабатты тұрғын үй ауласында болған. Кейін анықталғандай, күдікті рульге мас күйінде отырған. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы бойынша іс қозғалды.  Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізуде

Хабар 24 телеарнасы