424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылды

  • 196
  • UPD: 18:25, 06.09.2020
Павлодарда пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылды фото: pavlodarnews.kz

Аталмыш фактіге қатысты тиісті тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі Tipavlo парақшасында Айманов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында полицейлер жиналғаны түсірілген видео жарияланған. Сондай-ақ түнде қайтыс болған ер адамның денесі табылғаны туралы жазылған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тергеу басталды. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», - дейді облыстық полиция департаментінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында Айманов көшесі, 18 мекенжайы бойынша шақырту түскенін айтады.

«Ер адамның жасы 30-да. Кеуде қуысында пышақ жарақатын алған тұрғын қайтыс болған», - дейді басқармада. 

Хабар 24 телеарнасы