423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында екі отбасы газдан уланды

  • 143
Маңғыстау облысында екі отбасы газдан уланды

Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында 9 адам газдан уланып, ауруханаға түсті.

Оқыс оқиға кеше кешкілік болған. Екі бөлмелі жер үйде тұратын отбасыға ағасы бала-шағасымен қонаққа келеді. Тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданған. Екі отбасы бала-шағасымен кешкі ас ішіп отырғанда кезекпен әлсіреп, құлай бастайды. Ересектердің бірі әзер орнынан тұрып, сыртқы есікті ашып, жедел жәрдем шақырады. Абырой болғанда барлығы дін аман. Ересектер облыстық ауруханаға, ал балалар Ақтаудағы балалар ауруханасына жеткізіледі. 8 баланың 4-і қазір үйлеріне жіберілді. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал үй иесі мен 4 бала ауруханада ем алуда.

Гүлжан Ермекбаева, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:

- Клиникалық көрсеткіштер болуына байланысты балаларда әлсіздік, сотурацияның төмендеуіне байланысты жатқызылды. 2011 жылғы бала ең үлкені, 7 және 2 жастағы бала, сондай-ақ 10 айлық бала бар. Қазіргі таңда жағдайлары қалыпты. Тыныс алу жиіліктері қалыпты. Сотуриациясы көтерілді. Инфузиондық ем алды. Балалар қалыпты жағдайда. Анализдер бүгін қайталанып, жалпы қан анализі алынды. Соның ішінде гемоглобинді қараймыз. Сараптамаға байланысты әрі қарай емін жалғастырады балалар.

Хабар 24 телеарнасы