426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда автобус қаққан зейнеткер оқиға орнында мерт болды

  • 274
  • UPD: 16:54, 28.12.2020
Қостанайда автобус қаққан зейнеткер оқиға орнында мерт болды

Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында 28 желтоқсан күні сағат 13:31 шамасында зейнеткерді автобус басып кеткен.

Бұл туралы alau.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Mercedes-Benz» маркалы автобусты басқарып келе жатқан 56 жастағы жүргізуші Назарбаев көшесінің бойымен №215 үйдің жанында Дизель зауытына қарай келе жатып, 80 жастағы әйелді қағып кетті. Ол «Алтын Арман» шағынауданынан «Юбилейный» шағынауданына қарай жолдың белгіленбеген бөлігінен өтіп бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бойынша тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы