Карантин талаптарын бұзу деректері мониторингтік топтың тексерісі кезінде әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Туған күн, қыз ұзату, ұжымдық басқосу сынды іс-шаралардың көбі Талғар ауданына болған. Одан кейін Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарының халқы тойшыл екен. Өңірде енгізілген шектеулерді ескермеудің мыңнан аса дерегі тіркелген. Соған байланысты 140-қа жуық тамақтану, көңіл көтеру орындары мен 429 адамға хаттама толтырылды. Сала мамандары 19 мыңнан аса рейд жүргізіп, жүз мыңға тарта нысанды тексерді. Асхат Шарапиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары: - Алматы облысында 268 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда 598 нысанда бұзушылықтар анықталған. Ол жерде 66 млн теңгеден астап айыппұл салынған.