378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда еліміздің әлемдегі бейбітшілікке қосқан үлесі талқыланды

  • 331
  • UPD: 23:18, 28.12.2018
Түркияда еліміздің әлемдегі бейбітшілікке қосқан үлесі талқыланды

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық бейбітшілікке үлкен үлес қосты.

Елордада өткен Астана процесі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саясаты бұған дәлел. Түрік ғалымдары мен қоғамдық қайраткерлері Анкарада өткен жиында осындай пікір айтты.

Куршат Зорлу, Ахи Эвран Университетінің оқытушысы, журналист:

- Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанған алғашқы ел. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2 жылда жаһандық бейбітшілік мен тұрақтылық, қауіпсіздік тұрғысынан маңызды қадамдар жасады. Осы орайда, Қазақстан өңірдегі мемлекеттердің ядролық қауіпсіздік, энергетика қауіпсіздігі, су мен азық-түлік қауіпсіздік мәселелерін күллі дүниеге жеткізе білді. Бұл Орталық Азия мәселелерін шешуде қазіргі таңда аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы