379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент елорданың атауын «Нұрсұлтан» деп өзгерту туралы құжатты қабылдады

  • 289
  • UPD: 15:24, 22.03.2019

Астана қаласының атауы «Нұрсұлтан» болып өзгереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Парламент палаталарының түс ауа өткен бірлескен отырысында мәлім болды. Жиында Сенат және Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Бүгінгі Парламент палаталарының екінші бірлескен отырысына Мәжілістің 103, ал Сенаттың 43 депутаты қатысты. Күн тәртібіне шығарылған жалғыз мәселе – Астана атауын өзгерту. Айта кетейік, бұл мәселе сан мәрте көтерілген болатын. Ал депутаттар бүгін заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Сенаттан қатысып отырған 43 депутат, жақтағандар да – 43. Мәжілістің 102 депутаты қатысып отыр, 102 депутат та жақтап отыр. Сонымен құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды.

Мінберге шығып, пікір білдіргендердің арасында Қуаныш Сұлтанов, Мұрат Бақтиярұлы сияқты депутаттар бар. Қуаныш Сұлтанов талқыланған заң жобасын қолдайтынын айтып, құжаттың мән-маңызына тоқталды. Ал Мұрат Бақтиярұлы «барша қазақстандықтарды тарихи сәттің куәгерлері» деп атады. 

«Жалпы қалаға мемлекетті басқарған тұлғаның есімін беру әлемдік тәжірибеде бар», – дейді депутаттар. Осы орайда ойға бірден Америка астанасы оралады. 1791 жылдан бері бұл алып шаһар АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның атымен аталады. Тарихта бұдан өзге де мысалдар жетіп артылады. Мәселен, Римге қаланың негізін қалаушы Ромулоның, Жаңа Зелландия астанасы Веллингтонға Веллингтон герцогының есімі берілген.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы