377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік сарапшысы: Н.Назарбаевтың бұл шешімі елдің жаңа тарихи кезеңге өткенін көрсетуде

  • 138
  • UPD: 16:59, 22.03.2019
Түрік сарапшысы: Н.Назарбаевтың бұл шешімі елдің жаңа тарихи кезеңге өткенін көрсетуде Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда тікелей эфирде жасаған мәлімдемесінде өкілеттігін тоқтату туралы шешімін хабарлады.

«1989 жылдан бері Қазақстанды басқарып келген Н.Назарбаевтың бұл шешімі елдің жаңа тарихи кезеңге өткенін көрсетуде. Сондықтан аталған шешімнің егжей-тегжейлі талдануы тиіс», - дейді белгілі түрік сарапшысы Д.Әметбек.

Д.Әметбек, түрік сарапшысы:

- Біріншіден, Н.Назарбаевтың Қазақстан үшін маңызды тұлға. Себебі оның жетекшілігінде Қазақстан халқы Кеңес Одағы құлдыраған соң жаңа тәуелсіз мемлекет құруға қол жеткізді. Бұған дейін үлкен қиындықтарды еңсеріп келген Н.Назарбаев елінің болашағы үшін сенімділік білдіруде. Ол мәлімдемесінде елінің барлық сынақтардан жеңіспен шыққанын атап өтті. Н.Назарбаев «Қазақстандық жол» деп сипаттаған саясатының үш басты мақсаты болған. Бұлар еркін нарықтық экономикаға өтуді қамтамасыз ету, Кеңес Одағынан мұраға қалған тоталитарлық түсінікті бұзу және қоғамның барлық құрылымдарын заманға сай қайта құру. Оның үстіне, Н.Назарбаев Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне де назар аударып, елінің бүгінге дейін бастан кешірген экономикалық дағдарыстарға ешбір шетелдік күштің көмегіне жүгінбестен төтеп берді. Түркі әлемінің ақсақалы ретінде құрметке ие болған Назарбаевтың осы сөзінің жаны бар. Себебі оның басшылығында Қазақстан ауылшаруашылыққа негізделген экономикадан өндіріс және қызмет салалары алға шыққан экономикалық модельге өтті. Тіпті аталған кезеңде Қазақстанның жаһандық экономиканың бір бөлігіне айналғанын айтуға болады.

Аталуы тиіс екінші мәселе болса, Назарбаевтың елде тұрақтылық орнатудағы жетістігі. Оның басшылығында Қазақстан халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалған сыйлы мемлекетке айналды. Бұл жетістіктің артында, еш күдіксіз, Назарбаевтың халқына дәріптеген төзімділік және айналадағылардың барлығына құрмет көрсету түсінігі бар. Бұл түсініктің бір көрінісі ретінде Қазақстанның тек аймақтағы дағдарыстардың реттелуінде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қақтығыстардың шешімінде де бітімгер мемлекет жағдайына келуін атауға болады.

Үшіншіден, Назарбаев елдің дамуы тұрғысынан қазақ жастарына үлкен жауапкершілік артып отыр. Осы орайда, Астана билігі 1990 жылдардан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында мыңдаған жастарды шетелге білім алуға жіберуді қолға алды. Шын мәнінде бұл жас ұрпақ Қазақстанның болашағына үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заманға сай білім беретін Назарбаев мектептері және Назарбаев университеті Қазақстанның білім саласында алдыңғы қатарлы мемлекетке айналуын қамтамасыз етті.

Төртіншіден, Назарбаевтың кезеңі жаңа астананың бой көтеруімен байланысты. Астана Назарбаевтың ең ірі жетістіктерінің бірі болып саналады. Бұл қала елдің дамуы мен гүлденуінің символына айналды. Сонымен қатар, Астана Қазақстан халқының қазіргі тарихында өз қалауымен салған астанасы болып отыр.

«Н.Назарбаевтың бұл шешімі ел ішінде де, әлемде де үлкен резонанс тудырғаны күтілген жағдай. Алайда, бұл жерде Н.Назарбаевтың саясаттан толығымен алшақтамайтынын естен шығармау қажет. Себебі ол ел басқарудағы рөлі өткен жылдан бері күшейтілген Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және Конституциялық кеңестің мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді, әрі Nur Otan партиясының төрағасы болып қалады. Сондықтан президенттің өкілеттігін мақсаты елде биліктің бақылаулы түрде ауысуын қамтамасыз ету және жастарға жол ашу болды», - деп қосты ол.

Қорытындылай келе, Н.Назарбаевтың шешімі Қазақстанның жаңа дәуірге кіргенінің дәлелі болып отыр. Биыл Қазақстанда «Жастар жылы» болып жариялануын да ескерсек, жастар билікке келіп, Назарбаев үзеңгілестерінің орнын алады деп есептеуге болады. Дегенмен, бұл үдерістің Н.Назарбаевтың қолдауы және тәжірибесімен жүзеге асатыны түсінікті.

Хабар 24 телеарнасы