377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева Санкт-Петербургте бірқатар екі жақты кездесу өткізді

  • 142
  • UPD: 21:13, 19.04.2019

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербордағы Таврия сарайында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен жүздесуінде, Сенат басшысы Қазақстан мен Ресей әріптестігінің стратегиялық сипаты және еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны дамытудағы қос елдің маңызды орнына тоқталды. Валентина Матвиенко Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауға байқаушыларды жіберуге дайындығын білдірді. Бұдан кейін Дариға Назарбаева Әзербайжан, Қырғызстан және Арменияның парламенттік делегацияларының жетекшілерімен кездесіп, әріптестеріне Қазақстанда болып жатқан маңызды саяси оқиғалар туралы айтып берді. Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесуде осы ұйымның жұмысы мен Ассамблеяның кезекті пленарлық мәжілісіне дайындық шаралары талқыланды. Сонымен қатар Сенат Төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының пленарлық мәжілісіне қатысты. Онда қорғаныс пен қауіпсіздікке қатысты, экономика мен қаржы және білім мен ағарту салалары бойынша жиын саңы 11 заң жобасы қаралды.

 Алтынбек Мамаюсупов, Түркітілдес елдері парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы:

- Сайлау кез келген елдің ішкі саясатындағы маңызды оқиға. Әсіресе билікті бейбіт түрде жаңартып жатқан Қазақстан үшін халықтың сеніміне ие болудың маңызы зор. Бұл елдің болашағы мен одан әрі өркендеуі үшін қажет.

Хабар 24 телеарнасы