389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕЭК-тің Орта Азия үшін орны бөлек

  • 243
  • UPD: 23:18, 29.05.2019

Ұлт көшбасшысына Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы атағының берілуі – тарихи оқиға.

Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев – осы ұйымның іргесін қалаушы. Өзбекстандық сарапшылар осылай деп есептейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір Қазақстан ұйым мен Орталық Азия елдерін жалғаушы алтын көпірге айналды. «Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұл атаққа әбден лайық», – дейді олар.

Шухрат Хуррамов, сарапшы:

- Бұл өте маңызды жаңалықтардың бірі деп атар едім. Өйткені тек саяси жағынан ғана емес, экономикалық, тіпті әлеуметтік тұрғыда да маңызды. Назарбаевқа мұндай атақ-дәреженің берілуі Еуразиялық экономикалық одақтың өзара байланысын одан әрі нығайтып, өзге де одаққа мүше емес елдермен арадағы байланысты жақсартады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы