382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мирослав Енча: Жаңа Президент БҰҰ талаптарына сай демократиялық жолмен сайланады деп ойлаймын

  • 103
  • UPD: 15:15, 03.06.2019

Халықаралық қауымдастық Қазақстандағы президенттік сайлауға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ басшылығы Тұңғыш Президент басқаруымен айқын білінген Қазақстанның бейбіт сыртқы саясаты жалғасатынына сенім білдірді. Ұйым бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енча арнамызға берген сұхбатында еліміздегі сайлау науқанына қатысты өз пікірімен бөлісті.

Мирослав Енча, БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер бойынша көмекшісі:

- 9 маусымда сайлаудың табысты өтуін тілейміз. Ол халықтың таңдауын көрсетеді. Жаңа Президент БҰҰ талаптарына сай демократиялық жолмен сайланады деп ойлаймын. Елдеріңіз БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастығын жалғастыратынына еш күмәніміз жоқ. Біз БҰҰ жұмысына Қазақстанның қосып жүрген зор үлесін жоғары бағалаймыз. Әсіресе қазір мультилатерализм, халықаралық құқық жөнінде әңгіме жиі қозғалып жүрген кезде Қазақстанның қолдауы қажет. Ұзақ жылдар бойы елдеріңіз халықаралық құқыққа және өзара тиімді әріптестікке негізделген халықаралық қарым-қатынастарды қолдап келді. Барша қазақстандықтарға бақыт пен сәтті сайлау өтуін тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы