386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушылар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты пікір білдірді

  • 186
  • UPD: 23:02, 17.07.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірген Ерлан Саиров фейсбук парақшасында кеңестің алдағы жұмысына байланысты пікір білдірді.

Саясаттанушы ұйымның қызметі қоғам мен билік үшін күрделі кезеңде басталғанын айтты. 

«Халық өзгерістерді талап етуде. Демек, ұлттық кеңестің жұмысы ашықтықпен, креативтіклікпен ерекшеленетін және елдің барлық қоғамдық күштерімен байланыс орнатқан алаң ретінде сипатталуы тиіс» делінген жазбада. Сонымен қатар Саиров саяси процестердің географиясын кеңейтудің маңыздылығына тоқталып, облыстарда да осындай кеңес құруды ұсынды.

Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев кеңестің құрылуына байланысты мынадай жазба жариялаған: «Билік тыңдауға дайын. Сондықтан Ұлттық Кеңестің құрылуы  саяси реформаларға да, билік пен қоғам диалогын дамытуға да, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға да жақсы мүмкіндік бола алады. Кеңестегі шешімдері ұнамаса сынайтын боламын. Дегенмен, бастап көру керек».

Хабар 24 телеарнасы