386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Исабаев Қазақстан Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды

  • 185
  • UPD: 08:20, 19.07.2019
Б.Исабаев Қазақстан Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы