387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Радек Вондрачекпен кездесті

  • 221
  • UPD: 20:32, 17.10.2019

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекті қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытып, Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі сынды көпжақты форматтағы ықпалдастықты тереңдету жайын талқылады. Мемлекет басшысы мейманды Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ Чехияның Қазақстан үшін кәрі құрлықтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктес екенін ерекше атап өтті. Ал чех саясаткері көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, біздің елде жүзеге асып жатқан реформаларды жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Елдеріміздің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін сіздің сапарыңыздың маңызы зор.

Радек Вондрачек, Чех республикасы депутаттар палатасының төрағасы:

– Чех республикасының өкілі ретінде елдеріміз арасында достық және дәстүрлі ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан өте тығыз әрі терең қатынастарды растауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы