384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады

  • 109
  • UPD: 00:12, 29.11.2019

Ертең Ташкентке Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуға президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Елбасы ұшағы кешкілік Өзбекстан астанасына келіп қонды. Жиында аймақаралық ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың жай-жапсары талқыланбақ.

Айта кетейік, алғашқы жиын былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Сол кезде бес ел консультативтік кездесулерді жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырамыз деп уағдаласқан.

Хабар 24 телеарнасы