428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

  • 91
  • UPD: 10:51, 12.10.2020
Қ.Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы