384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диана Гейнц жетісайыста қола медаль алды

  • 365
Диана Гейнц жетісайыста қола медаль алды Фото: МК

Жапонияның Гифу қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір жүлде түсті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жазды.

Бұл жолы Павлодар облысының атлеті Диана Гейнц жетісайыстан қатысып, қола жүлдеге ие болды.

20 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Диана үшін аса сәтті басталмаған болатын. Екі күнге жоспарланған жетісайыстың алғашқы күнінде жерлесіміз ұзындыққа секіруден бесінші орыннан көрінді. Кейіннен найза лақтырудан екінші орын алып, жалпы есепте төртінші сатыға көтерілді.

Ал 10 маусымда 18 жастағы Гейнц мінез таныта білді. Ол 800 метрге жүгіруде бәсекелестерінің көбісін қапы қалдырып, ұпай саны жөнінен үшінші орындағы спортшыдан озып кетті. Нәтижесінде 4804 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Хабар 24 телеарнасы