365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі Бостонда өтеді

  • 287
  • UPD: 12:00, 06.09.2018
<span class=favorites>Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі Бостонда өтеді</span> MatchroomBoxing

Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 20 қазан күні Бостонда өткізеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясына сілтеме жасап, Vesti.kz.

Бостондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің салмағында WBO чемпиондық атағына ие Билли Джо Сондерс пен Деметриус Андраде жұдырықтасады. Данияр андеркартта шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Айта кеткен жөн, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді. Одан кейін 5 тамызда венгр Габор Горбичті айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Осы категория бойынша: « Головкин реванш алдында төрешілерге қатысты пікір білдірді Хоккей: «Барыс» «Нефтехимикті» ойсырата ұтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы